Білім күні 2019 » СШ №14 им. Нусипбаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
январь
2020

Білім күні 2019

1 қыркүйек – Білім күніне арналған
«Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын


1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның жоспары құрылып, жауапты адамдар бекітілді. Мектепте құрылыс жүруіне байланысты, білім күніне арналған салтанатты жиынды ауылдық мәдениет үйінің ауласында өткізілді. Қонақтарға (ауыл әкімі, ардагер ұстаздар, ата-аналар) шақыру қағаздары таратылды. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Самақова Гульмира Батралиевна және аудандық білім бөлімінің әдіскері Амреева Раушан Сағыновна қатысты. Концерттік нөмірлер, Мемлекеттік Ту көтеретіндер, алғашқы қоңырау соғатындар белгіленді. Мемлекеттік Туды 11 сынып оқушысы Молжігітов Мака және 1 сынып оқушысы Рашид Алихан көтерді. Алғашқы қоңырауды 11 сынып оқушысы Нуралиева Сауле және 1 сынып оқушылары Жолаушыбай Бекзат, Мұсабек Айару соқты. Салтанатты жиында төмендегі ұстаздар:
Қибеков М.Б. - ҚР министрінің құрмет грамотасымен;
Үмбеталина С., Манчарова Қ., Барманкулова Д. - төсбелгімен марапатталды.
Білім күнімен қатар Конституция күні аталып өтті. 2 қыркүйекте өтетін «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбындағы тәрбие сағаттарына ата-аналарды және қонақтарды шақырдық. Білім күні жоғары деңгейде аталып өтті.

Похожие публикации:

07 январь 2020 Білім күні 2019
07 январь 2020 Білім күні 2019
07 январь 2020 Білім күні 2019
01 апрель 2017 Мектеп тарихы